Жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі

Азаматтарды жеке қабылдау кестесін бекіту туралы
 
         «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына және «Қазақстан Республикасының орталық және жергілiктi атқарушы органдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2002 жылғы 4 қыркүйектеі  №974 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
  1. Қосымшаға сәйкес 2018 жылдың 1 тоқсанына арналған Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысы мен орынбасарларының азаматтарды жеке қабылдау кестесі бекітілсін.
  2. Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы әкімшілік бөлімінің басшысы Жандос Жұмабайұлы Бапанов:
басқарма басшысы мен орынбасарларының азаматтарды жеке қабылдауын жүргізуді заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес ұйымдастырсын.
  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау әкімшілік бөлімінің басшысы Жандос Жұмабайұлы Бапановқа жүктелсін.
 
Басқарма басшысы                                                 М.Жұманқұлов
 
 
Жамбыл облысы әкімдігінің
денсаулық сақтау басқармасы
басшысының 2017 жылғы
№ ____   бұйрығына қосымша
 
2018 жылдың 1 тоқсанына арналған Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының және орынбасарларының азаматтарды жеке қабылдау кестесі
 
 
Т.А.Ә. Лауазымы Қабылдайтын күні Уақыты
1 ЖҰМАНҚҰЛОВ
Марат Сейтбекұлы
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әр айдың екінші және төртінші сәрсенбісі күндері 15.00-17.00
2 МУРЗАКАСЫМОВ
Хамит Саттарқұлұлы
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әр аптаның сейсенбі, жұма күндері 15.00-17.00
3 МАХАШОВ
Нұрлан Оразқұлұлы
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әр аптаның сәрсенбі күндері 15.00-17.00
4   Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әр аптаның жұма күндері 15.00-17.00


Банерлер






Наши контакты в соц. сетях

Наверх