Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс шаралар туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының сыбайлас жемкорлыққа қарсы стандарты
  
  1. Жалпы ережелер
 
  1. Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының осы сыбайлас жемкорлыққа қарсы стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Сыбайлас жемкорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Казакстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 10-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленеді.
  2. Осы Стандартты әзірлеудің мақсаты, денсаулық сақтау саласында сыбайлас жемкорлықты ескертуге бағытталған ұсынымдар жүйесін құру болып табылады.
  3. Қоғамдық катынастар саласының атауы – денсаулық сақтау саласы.
  4. Осы Стандарттың әзірлеуші орган атауы – Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы.
 
  1. Басқарма қызметкерінің мінез-кұлық (іс-қимыл) Тәртібі
 
  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы    стандарты    козғайтын денсаулық сақтау саласындағы жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерін және құқықтарын іске асыру кезінде Басқарма қызметкеріне тыйым салынады:
1) лауазымдық өкілеттіктерін атқаруына байланысты жеке және заңды тұлғалардың көрсетілетін қызметтерін жеке мақсаттарында пайдалануға;
2) өзі қызмет істейтін не өзіне тікелей бағынысты немесе өзінің тікелей бақылауындағы мемлекеттік органда, медициналық ұйымда үшінші тұлғалардың істері бойынша өкіл болуға;
3) кәсіпкерлік және кіріс алумен байланысты өзге де қызметті жүзеге асыруда кімге болмасын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген кез келген жәрдем көрсетуге;
4)      Қазақстан Республикасының заңнамасында жеке және заңды тұлғаларға ұсынылуы көзделген ақпаратты беруден негізсіз бас тартуы не оны кешіктіріп беруі, анық емес немесе толық емес ақпарат беруге;
5) Казакстан Республикасының заңнамасында жеке және заңды тұлғалардың ұсынуы көзделмеген ақпаратты олардан талап етуге;
6) жеке және заңды тұлғаларға құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруына ашық кедергі жасауға;
7) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, өздерінің мемлекеттік немесе соған теңестірілген функцияларын атқарғаны үшін өзі оларда тиісті функциялар атқармайтын ұйымдардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан ақша, керсетілетін қызметтер түрінде және өзге де нысандарда кез келген сыйақыны қабылдауға;
8) басқарманың беделіне нұқсан келтіруі мүмкін жанжалды жағдайларға жол беруге;
9) мемлекеттік функцияларды орындау кезінде алынған ақпаратты, егер мұндай акпарат ресми таратылуға жатпайтын болса, мүліктік немесе мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу үшін пайдалануға.
  1. Өз құзіреті шегінде басшылық және басқа да шешімдерді қабылдау кезінде Басқарма қызметкеріне тыйым салынады:
1) шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсетуге;
2) Казакстан Республикасының заңнамасына кайшы және (немесе) қызметтік   өкілеттіктерді   орындауға   қатысы   жоқ   бұйрықтар   мен нұсқаулар беруге;
3) өзінің лауазымдық өкілеттіктерін жеке өзінің не жақын туыстары мен жекжаттарының материалдық мүдделерін қанағаттандырумен байланысты мәселелерді шешу кезінде пайдалануға;
4) мемлекеттік қызметке кіру және мемлекеттік қызмет бабында ілгерілету кезде заңда көзделмеген артықшылықтар беруге (тамыр-таныстық отбасылық жақындық);
5) басқа мемлекеттік органдардың ұйымдардың қызметіне құкыққа сыйымсыз араласуға;
6) бағынысты қызметкерлер арасында еңбек жүктемесінің әркелі бөлінуіне жол беруге;
7) бағынысты қызметкерлердің қызметін бағалауда, сонымен қатар оларға көтермелеу және жаза беруде объективті емес көзқарас пен әділетсіздік танытуға;
8) өздерінің мемлекеттік немесе соған теңестірілген функцияларын атқаруға байланысты қызмет бабында өздеріне тәуелді мемлекеттік қызметшілерден және өзге адамдардан жалпы қамқорлығы немесе қызмет бабында бетімен кетушілік үшін сыйлықтарды немесе керсетілетін қызметтерді қабылдауға;
9) жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдалануға.
  1. Нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу кезінде Басқарма қызметкерлерімен әзірленген нормативтік-қуқықтық актілер жобалары:
1) азаматтардың заңмен белгіленген құқықтары мен еркіндіктерін шектемеуі;
2) заңды тұлғалардың заңды мүдделерін бұзбауы;
3) жоғары деңгейдегі нормативті құқықтық актілерге қайшы келмеуге;
4) нормативтік-құқықтық актілерді шығарған орган құзіреті аясынан шықпауы тиіс.
  1. Басқа да шектеулер мен тыйым салулар
 
  1. Басқарма қызметкерлеріне тыйым салынады:
1) педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда, ақы төленетін басқа да қызметпен айналысуға тыйым салынады;
2) ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында облигацияларды, ұйымдастырылған бағалы кағаздар нарығында коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымдардың дауыс беретін акцияларының жалпы санының бес пайызынан аспайтын көлемде жай акцияларды) сатып алуды және (немесе) өткізуді қоспағанда, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға;
3) өзінің қызметтік жұмысын материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз етуге арналған құралдарды, басқа да мемлекеттік мулік пен қызметтік ақпаратты қызметтік емес мақсаттарда пайдалануға;
4) ереуілді қоса алғанда, мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыс істеуіне және лауазымдық міндеттерді орындауға кедергі келтіретін әрекеттерге қатысуға.
  1. Басқарма қызметкерлері:
1) мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың жұмыс істеу тиімділігіне кедергі жасайтын немесе тиімділігін төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұруға;
2) сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтарға жол бермеуге, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға және басқа мемлекттік қызметшілер, ұйым қызметкерлер тарапынан болған сыбайлас жемқорлық фактілерін тыйуға;
3) өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға;
4) басшы мен оның орынбасарлары арасында функционалдық міндеттерін бөлу кезінде басты өкілеттіктерге басшылық жасаудың бір лауазымды тұлғада шоғырлануын болдырмауға;
5) құжаттардың уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуге, жоғалу, фальсификация (жалғандық жасау), орындамау және негізсіз қайтару мүмкіндіктерін болдырмауға;
6) қылмыстық істер бойынша іс жүргізуде айыпталушы, күдікті, куәгер және (немесе) басқа да қылмыстық процесске қатысушы тұлға ретінде тартылғаны жөнінде мәлім болған кезден бастап келесі күннен кешіктірмей басшысын жазбаша түрде ескертуге, сонымен қатар мәлім болған сыбайлас жемқорлық фактілері туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл органдарына және басшысына хабарлауға;
7) басқарма, ұйым қызметіне қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін байқаған жағдайда басшысына ақпарат беруге;
8) жалпы қабылданған моральдік-әдептілік нормаларын сақтауға және жұмыстан тыс уақытта сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерін болдырмауға;
9) басқармаға ұсынылатын басқармаға қарасты ұйымның қаржылық құжаттарын қарастыру кезінде әуре-сарсаңға салушылық көріністерін болдырмауға;
10) басшысы мен әріптестеріне әділ шешім қабылдауларына әсерін тигізуі мүмкін, қарым-қатынастың белгіленген тәртібін бұзатын заңсыз өтініш жасаудан аулақ болуға;
11) мүдделер қақтығысын болдырмауға және оларды реттеуге шара қабылдауға;
12) қызметкерлерді жоғары тұрған қызметке тағайындау кезінде меритократиялық принципті ұстануға;
13) кадрларды іріктеу кезінде Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарын сақтауы тиіс.
  1. Қорытынды ережелер
 
  1. Осы Стандарт Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қайта қаралуы мүмкін.
  2. Осы Стандартқа өзгерістер мен толықтырулар басқарманың бұйрығымен енгізіледі.
  3. Осы Стандартта тікелей қарастырылмаған сұрақтар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен регламенттеледі.


Банерлер






Наши контакты в соц. сетях

Наверх