Бос лауазымдық орындар

Бос орындар туралы ақпарат
2019 жылғы 4 наурызға
Бос лауазым атауы Санаты Бірлік саны
  1.  
басқарма басшысының балалар және босануға көмек көрсету жұмыстары жөніндегі орынбасары D-O-2 1
  1.  
ана мен баланың денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы D-O-3 1
  1.  
медициналық көмекті ұйымдастыру және лицензиялау бөлімінің басшысы D-O-3 1
  1.  
ана мен баланың денсаулығын қорғау бөлімінің бас маманы D-O-4 1
  1.  
медициналық көмекті  ұйымдастыру және лицензиялау бөлімінің бас маманы D-O-4 1
  1.  
дәрімен  қамтамасызету және медициналық құрал-жабдықтар бөлімінің бас маманы D-O-4 1
  1.  
қоғамдық денсаулық сақтау  бөлімінің бас маманы D-O-4 2
  1.  
Бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы D-O-4 1
  1.  
әкімшілік бөлімінің бас маманы  (негізгі қызметкер жұмысқа шыққанға дейін) D-O-4 1
  1.  
жұмылдыру (АҚ, ТЖ) және мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкер жұмысқа шыққанға дейін) D-O-4 1
  1.  
әкімшілік бөлімінің басшысы D-O-3 1
  1.  
әкімшілік бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкер жұмысқа шыққанға дейін) D-O-4 1


Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру 
Жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:
 
D-О-4 санаты үшін:
жоғары білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
Жұмыс тәжірибесі: қажет етілмейді.
D-О-5 санаты үшін:
жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
 
Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық жалақысы
 
Санаты Еңбек өтіліне байланысты қызметтік еңбек ақысы
теңгеден теңгеге дейін
D-O-4 83282 112 431
D-O-5 74 954 101 604
 
Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (индекс 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125, 505, 511 бөлмелер, анықтама үшін телефондар: 8(7262)453468, 433630, 433675, факс: 432517, e-mail: obl_akim@zhambyl.kz, a.kucherbaeva@zhambyl.gov.kz) бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
1.
 
 Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы медициналық көмекті  ұйымдастыру және лицензиялау бөлімінің бас маманы, санаты D-O-4, 1 бірлік (№ 03-06).
Функционалдық міндеттері: Тараз қалалық емдеу-алдын алу ұйымдарында, стационарларда белгіленген кезеңдегі жұмыс қорытындысы бойынша статистикалық сараптама дайындау. Статистикалық жұмыс бойынша Тараз қалалық емдеу-алдын алу ұйымдарына әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету. Басқармаға берілетін есептердің уақытылы өткізілуіне, есеп беру құжаттамасының жүргізілуіне, Тараз қаласындағы емдеу-алдын алу ұйымдарындағы жұмыс жоспарының орындалуына бақылау жасау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы қарап, шұғыл шаралар қабылдау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) саласында. Мамандығы: жалпы медицина немесе қоғамдық денсаулық сақтау.
«Қазақстан - 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
2. Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы дәрімен қамтамасыз ету және медициналық құрал-жабдықтар бөлімінің бас маманы, санаты    D-O-4, 1 бірлік (№ 04-04).
Функционалдық міндеттері: дәрілік заттардың жанама әсерлеріне мониторинг жүргізу. Жоғары тұрған ұйымдарға есептерді, анықтамаларды дер кезінде тапсыру. Жекелеген санаттағы тұрғындардың аурулар түрлері бойынша (Республикалық бюджеттен қарастырылған) дәрілік заттармен, мамандандырылған балалар азық-түліктерімен және ем тағамдармен қамтамасыз ету бойынша жұмыс (бұйрықтар, есептер, реестрлер). Жоғары тұрған ұйымдарға есептер, анықтамалар дер кезінде тапсыру. Емдеу алдын алу ұйымдарына акцизсіз этил спиртінің қажеттілігін анықтау және жоғары тұрған ұйымға тапсыру.  Емдеу алдын алу ұйымдарын медикаменттермен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен конкурстардың жеткізуші жеңімпаздары тарапынан қамтамасыз етуге бақылау жүргізу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласында. Мамандығы: жалпы медицина немесе фармация немесе қоғамдық денсаулық сақтау немесе фармацевтикалық өндіріс технологиясы.
«Қазақстан - 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
3. Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы ана мен баланың денсаулығын қорғау бөлімінің бас маманы, санаты D-O-4, 1 бірлік (№05-04).
Функционалдық міндеттері: медициналық ұйымдарда балалар мен әйелдерге бейін бойынша көрсетілетін медициналық көмек сапасын бақылау. Әйелдер мен балалардың диспансеризациялауын ұйымдастыру, Медициналық ұйымдарда және құрылымдық бөлімшелер арасында балалар мен әйелдерді қарап-тексеру, емдеу және бақылауда сабақтастықты ұйымдастыру. Нәрестелік және балалар аурушаңдығын және өлім-жітімін мотниторингтеу, талдамалы материалдарды дайындау. Балалар мен жүкті әйелдерге және гинекологиялық аурулары барлаға жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету жөніндегі өңірлік комиссия жұмысына қатысу. Профилактикалық тексерулерді ұйымдастыру, диспансерлік топтарын бақылау, балалар мен әйелердің сауықтыруын мониторингтеу. Кәмелетке толмағандар істері және бала құқығын қорғау бойынша іс-шараларды әзірлеу және іске асыру. Жергілікті медицина кадрларын семинарларға және конференцияларға даярлау. Қазақстан Республикасының басқа облыстарындағы иммунологтардың озат тәжірибесін зерттеп, практикаға енгізу. Облыстың көлемінде өтетін алқа және штаб мәжілістерінде баяндама жасау. Тұрғындар шағымын тудырған себептерді анықтап, оны жояды. Акушерлік-гинекологиялық бағыт бойынша жүкті және босанған әйелдерге көрсетілетін амбулаториялық-емханалық және стационарлық көмекті талдау. Тұрғындар арасында санитарлық ағарту жұмыстарын насихаттау. Бағыттар бойынша штаттан тыс мамандар жұмысын үйлестіру және қадағалау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) саласында. Мамандығы: жалпы медицина немесе қоғамдық денсаулық сақтау.
«Қазақстан - 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
4. Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің бас маманы, санаты D-O-4, 1 бірлік (№ 09-03).
Функционалдық міндеттері: денсаулық сақтау саласының мемлекеттік бағдарламаларына, тұжырымдамаларына, стратегиялық және операциялық даму жоспарларына мониторинг және бағалау жүргізу. Облыстың әлеуметтік – экономикалық даму жоспарларын қалыптастыруға қатысу. Тұрғандарға бастапқы медициналық санитариялық көмек бойынша жұмысын ұйымдастыру, жоспарлау, реттеу және талдау. Өңірлік бағдарламаларының (стратегиялық даму жоспарлары) стратегиялық және басқада дерективтік құжаттарға сәйкестігіне сараптама жүргізу жұмысына жетекшілік жасау. Қызметтік құжаттарды, азаматтардың хаттары мен өтініштерін қарау және олардың орындалуына бақылау жүргізу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) саласында. Мамандығы: жалпы медицина немесе қоғамдық денсаулық сақтау.
«Қазақстан - 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
5. Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің бас маманы, санаты D-O-4, 1 бірлік (№ 09-04).
Функционалдық міндеттері: денсаулық сақтау саласының мемлекеттік бағдарламаларына, тұжырымдамаларына, стратегиялық және операциялық даму жоспарларына мониторинг және бағалау жүргізу. Облыстың әлеуметтік – экономикалық даму жоспарларын қалыптастыруға қатысу. Тұрғандарға бастапқы медициналық санитариялық көмек бойынша жұмысын ұйымдастыру, жоспарлау, реттеу және талдау. Өңірлік бағдарламаларының (стратегиялық даму жоспарлары) стратегиялық және басқада дерективтік құжаттарға сәйкестігіне сараптама жүргізу жұмысына жетекшілік жасау. Қызметтік құжаттарды, азаматтардың хаттары мен өтініштерін қарау және олардың орындалуына бақылау жүргізу. Халық денсаулығына қауіп-қатер келтіретін факторларды мониторингілеу. Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы талаптарды реттеу және орындау. Денсаулықты нығайту жөніндегі салааралық және ведомстволық қарасты ұйымдар арасында жұмыс жасау. Қоғамдық денсаулық сақтауды дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты және сектораралық бағдарламаларды іске асырылуына жетекшілік жасау. Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы саламатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі іс-шаралардың ведомстволық қарасты ұйымдармен орындалуын мониторингілеу Ұлттық бағдарламалардың салауатты өмір салтын қалыптастыру және аурулардың алдын алу үшін талдау және мониторингін іске асыру және орындау барысын ұсыну.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) саласында. Мамандығы: жалпы медицина немесе қоғамдық денсаулық сақтау.
«Қазақстан - 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
6. Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы,санаты D-O-4, 1 бірлік (07-06).
Функционалдық міндеттері: конкурсқа тиісті бөлімдерінен медикаментердің, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, медициналық құрал-жабдықтардың, мүліктің жылдық қажеттілігін дер кезінде  жинау. Конкурстық комиссия жұмысына мүше және хатшы ретінде қатысу. Құжаттарды конкурс өткізуге әзірлеу. Бекітілген бағдарламаларға сәйкес мемлекеттік сатып алу жүргізу. Медициналық құрал-жабдықтарға, дәрілік заттарға, автокөліктер мемлекеттік сатып алу бойынша медициналық ұйымдарының қажеттілігін үйлестіру және болжау. Азаматтардың және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарын, өтініштерін қарау. Бір көзбен мемлекеттік сатып алу жүргізуге дайындау. Азаматтардың және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарын сапалы қарау. Конкурстың жеткізуіші-жеңімпаздарымен келісім-шарттарды дер кезінде жасалуына, келісімдік міндеттемелерді орындалуына бақылау жасау және келісім-шарттарды орындалуына ақшалай кепілдік енгізу. Әлеуетті жеткізушілер тарапынан азық-түліктерді және күрделі жөндеуді техникалық ерекшеліктеріне сәйкес жеткізуге бақылау жасау.  Мемлекеттік сатып алу саласындағы тапсырыс берушілер туралы ақпаратты тиісті органдарға уақытылы берілуін бақылау жасау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе құқық саласында. Мамандығы: экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе маркетинг немесе құқықтану немесе халықаралық құқық.
«Қазақстан - 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
7. Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының әкімшілік бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкер жұмысқа шыққанға дейін, 21.07.2019 ж.), (№02-04).
Функционалдық міндеттері: денсаулық сақтау ұйымдарына құқықтық мәселелер, заң актілері бойынша ұйымдық-методикалық көмек көрсету. Басқарма мүдделерін сот органдарында қорғау. Құқықтық оқуларды ұйымдастыру. Барлық келісім шарттардың, мемлекеттік сатып алулардың заңдылығы қамтамасыз ету. Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмысын ұйымдастырады. Басқармаға қатысты сұрақтар бойынша әкімдік қаулыларының, әкімнің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын әзірлейді. Басқарма басшысының бұйрықтарының заңдылығын қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) саласындағы немесе құқық саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе білім саласында. Мамандығы - денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (жалпы) немесе құқықтану немесе халықаралық құқық немесе экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе маркетинг немесе қазақ тілі мен әдебиеті.
«Қазақстан - 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
8. Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы жұмылдыру (АҚ, ТЖ) және мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің бас маманы, (уақытша, негізгі қызметкер жұмысқа шыққанға дейін, 12.08.2021 ж.), (№ 08-02).
Функционалдық міндеттері: бейбіт жағдайда жұмылдыру даярлығы бойынша іс-шаралар жоспарын құзірет шеңберінде жасауға қатысу. Облыстағы медициналық қызметтің жұмылдыру даярлығы, медициналық ұйымдарындағы әскери міндеттерді броньдау, медициналық қызметтің жеке құрамына оперативтік және жауынгерлік даярлық жүргізу. Табиғи және техногендік сипаты бар төтенше жағдайларында жұмыс істеу үшін облыстағы емдеу алдын алу ұйымдарында жоспарлау және дайындық бойынша жұмыс жүргізу. Жаңа құрылатын және орын ауыстыратын емдеу мекемелерін орналастыру, емдеу алдын алу ұйымдарында жеке құрамы және отбасылар мүшелерін тұрғызу үшін қала сыртындағы қоғамдық және тұрғын үй қорын таңдау, даярлау және тіркеу. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметі бойынша есеп жұмыстарын жүргізу. Базалар, арнайы медициналық жабдықтау қоймалар жұмысшылары жүргізетін жұмылдыру резервтегі материалдық құндылықтарды жаңалау, алмастыру, броньдаудан шығару және басқа да операцияларға қатысу.  Құзірет шеңберінде азаматтық қорғаныс медициналық қызметтер жұмысының жоспарларын әзірлеуге қатысу және осы жоспарларды іс-жүзінде жүзеге асыру бойынша жаттығулар түрінде іс-шаралар жүргізу. Құпиялық режимді қамтамасыз ету. Мемлекеттік құпияларды қорғау бойынша құжаттамаларды әзірлеп жүргізеді, сонымен қатар ақпараттарға техникалық қорғауды ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізеді. Құпиялық деректерге негізсіз жіберуді және қол жетерлікті алдын алу басқарманың өндірістік және басқа да іс-әрекет процесінде құпиялық деректердің тарап кету мүмкіндігін анықтау және жабу бойынша жұмысты ұйымдастырады. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы қарап, шұғыл шаралар қабылдау. Қазақстан Республикасында құпиялық режимді қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жұмылдыру құжаттардың есебіне, сақтауына және пайдалануына бақылау жүргізеді. Құпиялық іс жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу, құжаттарды есепке алу, сақтау, сақталуы және құжаттарды дер кезінде өткізу, олардың орындалуына бақылау жасау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) саласындағы немесе  құқық саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе білім саласында. Мамандығы - денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (жалпы) немесе  құқық (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (жалпы) немесе білім (жалпы).
«Қазақстан - 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
9.
 
 Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының электр энергетика, энергоүнемдеу және энерготиімділік бөлімінің жетекші маманы, санаты D-O-5, 1 бірлік, № 3-3.
Функционалдық міндеттері: облыста коммуналдық қызмет көрсетілетін тарифтердің жүзеге асырылуын үйлестіру, талдау және аналитикалық мәліметтер дайындау. Облыс бойынша энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша кешенді жоспарының орындалуы және жүзеге асырылуын бақылау, талдау және аналитикалық мәліметтер дайындап тиісті органға ақпарат жолданылуын қамтамасыз ету. Энергия үнемдеу және энергия тиімділік жұмыстарына мониторинг жүргізу. Республикалық және облыстық бюджет қаражаты есебінен бюджеттік өтінімдерді дайындайды, тиісті органдардарға жолдайды және мониторингілейді. Бөлімнің құзырына кіретін басқа да сұрақтар бойынша анықтамалар мен мәліметтер дайындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы. Мамандығы: электр энергетикасы немесе жылу энергетикасы немесе техникалық физика немесе технологиялық машиналар және жабдықтар.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарын және осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін заңнамалық және өзге нормативтік-құқықтық актілерді білу.

  Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1)      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2)      3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
 Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде мына мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс: 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 үй,  505, 511 –іс бөлмелер, анықтама телефондары: 45-34-68, 43-36-30, 43-36-75, факс:43-25-17, e-mail: obl_akim@zhambyl.kz, a.kucherbaeva@zhambyl.gov.kz.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.  Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
 Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейiн, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, әңгімелесуге жіберілгені туралы хабар алған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде жоғарыда көрсетілген мекен-жайында орналасқан мекемеде әңгімелесуден өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.
 
 
 
 
 
 
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы


 
Нысан
 
__________________________
 (мемлекеттік орган)
 
Өтініш
     
Мені___________________________________________________________
____________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
     
Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________
 
________                                               ____________________________________
  (қолы)                                                          (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
 
«___»_______________ 20 __ ж.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы
 
Нысан
 
«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК
ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»
  _____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)
ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)
 
  _____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)
 
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
1. Туған күні және жері/
Дата и место рождения
 
2. Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)
 
3. Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения
 
4. Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
 
5. Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками
 
6. Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)
 
7. Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)
 
8. Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)  
9. Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)
 
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
Күні/Дата қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации
қабылданған/
приема
босатылған/
увольнения
 
     
 
 
 
   
 
 
 
 
 
 
   
 
 
 
 
   
 
 
 
 
   
 
 
 
 
   
 
 
_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата
 
_______________
күні/дата
             


Банерлер






Наши контакты в соц. сетях

Наверх