Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдері

Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және Аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешекті өндіріп алу қағидаларын бекіту туралы
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 1) тармақшасына және 31-бабы 2-тармағының екінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Мыналар:
  1. осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдері.
  2. осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешекті өндіріп алу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
  1. осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
  2. осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу

ҚР НҚА ЭББ-гі нақты
«РҚАО» РМК лауазымды тұлғаның ЭЦҚ мәліметі бар QR-код          құжатқа сілтеу QRкоды
құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
  1. осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
  2. осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М.Ақтаеваға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2018 жылғы 1 қаңтардан туындайтын қатынастарға қолданылатын Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерінің 9, 10, 11, 12, 13 - тармақтарын және 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 2018 жылғы 1 қаңтар аралығында туындайтын қатынастарға қолданылатын осы қағидалардың 27тармағының 4), 5) тармақшаларын қоспағанда, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі      Е. Біртанов

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі____________Д. Абаев 30 маусым 2017 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі__________Б. Сұлтанов
10 шілде 2017 жыл
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2017 жылғы 30 маусымдағы
№ 478 бұйрығына
1-қосымша
Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдері

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы Аударымдар және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары және мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және төлеушілердің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.
  2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
  1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
  2. аударымдар – жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлейтін, өздеріне аударымдар төлеу жүзеге асырылған медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі -МӘМС) жүйесіндегі медициналық көмекті алу құқығын беретін ақша;
  3. аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеушілер (бұдан әрі – төлеушілер) – Заңда белгіленген тәртіппен аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеуді, ұстап қалуды, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударуды, төлеуді жүзеге асыратын тұлғалар;
  4. әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі – қор) – аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алуды және оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;
  5. денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
  6. жарналар – осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген жарналарды төлеушілер қорға төлейтін және медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекті алу құқығын беретін ақша;
  7. МӘМС – қор активтерінің есебінен медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсету жөніндегі құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені;
  8. МӘМС-ге аударымдар және (немесе) (жарналар) бойынша берешек (бұдан әрі – аударымдар және (немесе) (жарналар) бойынша берешек) – Заңда және осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде МӘМС-ке аударылмаған аударымдардың және (немесе) жарналардың сомасы;
  9. МӘМС жүйесі – МӘМС жүйесіне қатысушылардың арасындағы қатынастарды реттейтін, мемлекет белгілейтін нормалар мен қағидалардың жиынтығы;
  10. салық агенті (Қағидаларға қолданылады) – Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен айқындалған және Заңға сәйкес МӘМС-ке аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу мен аудару міндетті бойынша дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор, заңды тұлға, оның ішінде бейрезидент заңды тұлға.
3. Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаларды қоса алғанда, Заңның 30-бабында және осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен аударымдар мен жарналарды есептейтін (ұстап қалатын) және қорға аударатын жұмыс берушілер МӘМС-ке аударымдар төлеушілер болып табылады.
Заңның 27-бабының 3-тармағына сәйкес мынадай адамдар үшін жұмыс берушілер:
  1. балалар;
  2. бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;
  3. зейнетақы төлемдерін алатындар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
  4. «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын
«Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар;
  1. мүгедектер;
  2. орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын адамдар;
  3. әскери қызметкерлер;
  4. арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;
  5. құқық қорғау органдарының қызметкерлері МӘМС-ке аударымдар төлеуден босатылады.
4. МӘМС-ге жарналарды төлеушілер:
  1. мемлекет;
  2. жұмыскерлер, әскери қызметшілерді, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін қоспағанда, жұмыскерлер, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілер;
  3. дара кәсіпкерлер;
  4. жекеше нотариустар;
  5. жеке сот орындаушылар;
  6. адвокаттар;
  7. кәсіби медиаторлар;
  8. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық агентімен жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар (бұдан әрі – азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар); 9) мыналарды: осы тармақтың 2) және 8) тармақшаларында;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрғандарды немесе әрекетсіз деп танылғандарды қоспағанда, осы тармақтың 3) тармақшасында;
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрғандарды қоспағанда, осы тармақтың 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 23) тармақшасында белгіленген өзге де адамдар (бұдан әрі – өзге де төлеушілер), оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар;
10) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен азаматтарды және Қазақстан Республикасында өздері үшін аударымдар және (немесе) жарналар төлеу жүзеге асырылатын азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен Қазақстан Республикасының азаматтары (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен азаматтар) болып табылады.
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын адамдар мен оралмандарды қоспағанда, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жарналарды төлеушілер болып табылмайды.
  1. Резидент заңды тұлғаның шешімі бойынша оның филиалдары мен өкілдіктері аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеушілер ретінде қарастырылады.
  2. Заңның 28-бабының 7-тармағына сәйкес қорға жарналардан төлеуден:
  1. жұмысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер алушыларды қоспағанда, осы
Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген адамдар;
  1. әскери қызметшілер;
  2. арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;4) құқық қорғау органдарының қызметкерлері босатылады.
7. Мемлекеттің МӘМС-ке жарналары мынадай адамдар:
  1. балалар;
  2. жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;
  3. жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;
  4. бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) іс жүзінде тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адамдар;
  5. бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар;
  6. 18 жасқа дейінгі мүгедек балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;
  7. зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
  8. қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде
(қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар;
  1. тергеу изоляторларындағы адамдар;
  2. жұмыс істемейтін оралмандар;
  3. «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын
«Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар;
  1. мүгедектер;
  2. орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар;
  3. оқу аяқталған айдан кейінгі күнтізбелік үш ай ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқуын аяқтаған адамдар үшін төленеді.
8. Мемлекеттің МӘМС-ке жарналар төлеуі мынадай адамдар:
  1. жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;
  2. қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген адамдар;
  3. орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім ордаларында оқу біткен айдан кейінгі күнтізбелік үш ай ішінде күндізгі оқу нысаны бойынша оқу бітірген адамдар үшін аударымдар және (немесе) жарналар аударуы кезінде тоқтатылады.
  1. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Заңның 2-бабының 3-тармағына сәйкес МӘМС жүйесінде медициналық көмекті алады.
  2. Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдіктер мен олардың отбасы мүшелері Заңның 2-бабының 3-тармағына сәйкес МӘМС жүйесінде медициналық көмекті алады.
  3. Аударымдарды және (немесе) жарналарды төлемеген жағдайда, адамдар Заңның 5-бабының 2-тармағына сәйкес МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекті осындай аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу тоқтатылған кезден бастап үш айдан артық алмайды. Бұл ретте, көрсетілген адамдар төленбеген кезең үшін қорға жарналар төлеуден босатылмайды.
  4. Заңның 5-бабының 3-тармағына сәйкес қорға аударымдар және (немесе) жарналар төлемеген адамдар қорға төленбеген кезең үшін жарналар төлеуді жүзеге асырады, бірақ олар республикалық бюджет туралы заңда ағымдағы қаржы жылына белгіленген жалақының ең төменгі мөлшерінің 5 пайызы мөлшерінде төлем күнінің алдындағы он екі айдан аспауға тиіс.
  5. Заңның 5-бабының 4-тармағына сәйкес қорға өздері үшін аударымдар және (немесе) жарналар түспеген не қорға жарналар төлемеген адамдарға 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі ұсынылады.
  6. Салық агенттері МӘМС-ке жарналар мен аударымдарды ұстап қалу және аудару туралы, оның ішінде артық (қате) төлемдерді қайтару туралы мәліметтерді электрондық немесе қағаз жеткізгіштерде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 22 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10345 болып тіркелген) бекітілген Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесіне сәйкес сақтауды жүзеге асырады.
Салық агенті таратылған кезде МӘМС-ке жарналар мен аударымдарды ұстап қалу және аудару туралы құжаттар «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8бабына сәйкес сақтауға беріледі.

2-тарау. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) тәртібі мен мерзімдері

  1. Қорға төлеуге жататын аударымдар және (немесе) жарналар ай сайын есептеледі.
Әрбір жұмыс берушіден аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы объект республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының он бес еселенген ең төменгі мөлшерінен аспайды.
Егер, күнтізбелік ай үшін аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу объектісі республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын жалақының ең төменгі мөлшерінен аз болған жағдайда, осы Қағидалардың 19-тармағының екінші бөлігінде белгіленген жағдайды қоспағанда, аударымдар және (немесе) жарналар жалақының ең төменгі мөлшері негізге алына отырып есептеледі және аударылады.
  1. Жұмыс беруші жұмыскерлердің аударымдарын және жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) ай сайын жүзеге асырады.
Заңның 27-бабының 1-тармағына сәйкес қорға төлеуге жататын жұмыс берушілердің аударымдары:
  1. жылғы 1 шілдеден бастап – аударымдарды есептеу объектісінің 1 пайызы;
  2. жылғы 1 қаңтардан бастап – аударымдарды есептеу объектісінің 1,5 пайызы;
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – аударымдарды есептеу объектісінің 2 пайызы;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – аударымдарды есептеу объектісінің 3
пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Заңның 28-бабының 1-тармағына сәйкес жұмыскерлердің қорға төленуге жататын жарналары:
  1. жылғы 1 қаңтардан бастап – жарналарды есептеу объектісінің 1 пайызы;
  2. жылғы 1 қаңтардан бастап – жарналарды есептеу объектісінің 2
пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Жарналарды есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы кіріс жеке тұлғаның кірістерінің барлық түрлерінің қосындысы бойынша есептеледі және республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының он бес еселенген ең төменгі мөлшерінен аспайды.
Осы Қағидалардың 22-тармағында белгіленген кірістерді қоспағанда, жұмыс берушілер есепке жазған кірістер жұмыскерлердің аударымдарын және жарналарын есептеу үшін қабылданатын кірістері болып табылады.
Кәсіптік қызметін жүзеге асырумен байланысты шет мемлекеттің аумағында болуы кезеңінде осы Қағидаларға 22-тармақта белгіленген кірістерді қоспағанда, жұмыс беруші Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық валютада есепке жазған кірістер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының шетелдік мекемесіне жұмысқа жіберілген дипломатиялық қызмет персоналының кірістері болып табылады.
Республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының он бес еселенген ең төменгі мөлшеріне тең, жұмыскердің кіріс сомасынан жарналарды төлеу кезінде жеке тұлғаның басқа кірісінен жарналар төлеу, есептелген және төленген жарналардан түскен кіріс сомалары туралы еркін нысанда жасалатын және жұмыскерге салық агенті берген анықтама болған кезде талап етілмейді.
17. Заңның 26-бабының 2-тармағына сәйкес қорға төленуге жататын, мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналары:
  1. жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 3,75 пайызы;
  2. жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 4 пайызы;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің кемінде 4 пайызы, бірақ 5 пайызынан аспайтын мөлшерінде белгіленеді. Бұл ретте мемлекет жарналарының мөлшері жыл сайын республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленеді.
Заңның 26-бабы 3-тармағына сәйкес мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, ағымдағы қаржы жылының алдындағы екі жылдағы орташа айлық жалақы мемлекеттің жарналарын есептеу объектісі болып табылады.
18. Заңның 26-бабының 3-тармағына сәйкес жұмыстан айырылған жағдайға мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдерді алушылардың жарналары:
  1. жылғы 1 қаңтардан бастап – жұмыстан айырылған жағдайға белгіленген әлеуметтік төлем сомасының 1 пайызы;
  2. жылғы 1 қаңтардан бастап – жұмыстан айырылған жағдайға белгіленген әлеуметтік төлем сомасының 2 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмыстан айырылған жағдайға берілетін әлеуметтік төлемдерден жарналарды есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды Мемлекеттік корпорация жүзеге асырады.
  1. Дара кәсіпкерлердің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың жарналары 2017 жылғы 1 шілдеден бастап жарналарды есептеу объектісінің 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған жекеше нотариустарды, жеке сот орындаушыларын, адвокаттарды, кәсіби медиаторларды және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған немесе әрекетсіз деп танылған дара кәсіпкерлерді қоспағанда, республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының екі еселенген ең төменгі мөлшері дара кәсіпкерлердің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың жарналарын есептеу объектісі болып табылады.
Дара кәсіпкерлердің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың жарналарын есептеуді олар салық кезеңінің әрбір айы үшін өз бетінше жүзеге асырады.
  1. Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың жарналарын қорға есептеуді (ұстап қалуды) осындай шарттар жасалған салық агенті ай сайын жүзеге асырады.
Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алатын жеке тұлғаның жарналары 2017 жылғы 1 шілдеден бастап, осы Қағидалардың 22тармағында белгіленген, жарналар төленбейтін кірістерді қоспағанда, осы шарттар бойынша есептелген барлық кірістерден 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
Бұл ретте, жарналарды есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының он бес еселенген мөлшерінен аспайды.
Егер, кіріс күнтізбелік ай үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын жалақының ең төменгі мөлшерінен аз болған жағдайда, жарналар жалақының ең төменгі мөлшері негізге алына отырып есептеледі және аударылады.
  1. Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығып кеткен азаматтардың, сондай-ақ басқа төлеушілердің, оның ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрған немесе әрекетсіз деп танылған дара кәсіпкерлердің жарналары 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап тиісті қаржылық жылында республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген ең төменгі жалақыдан 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
Жарналарды есептеуді (ұстап қалуды) олар өз бетінше не үшінші тұлға олардың пайдасына жүзеге асырады.
  1. Заңның 29-бабының 4-тармағына сәйкес қорға аударымдар және (немесе) жарналар мынадай төлемдер мен кірістерден ұсталмайды:
  1. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 155-бабының 3-тармағында белгіленген кірістер;
  2. Салық кодексінің 156-бабы 1-тармағының 8-2), 10), 12), 13), 13-2) тармақшаларында белгіленген кірістерді қоспағанда, Салық кодексінің 156бабының 1-тармағында белгіленген кірістер;
  3. Салық кодексінің 200-1-бабы 1-тармағының 13) тармақшасында белгіленген кірістер;
  4. Салық кодексінің 357-бабы 2-тармағының 1), 2), 4) тармақшаларында белгіленген кірістер.

3- тарау. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу тәртібі мен мерзімдері

  1. Аударымдар және (немесе) жарналар Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында төленеді.
  2. Жұмыскерлердің аударымдарын және (немесе) жарналарын аударуды жұмыс беруші ай сайын жүзеге асырады.
Есепке жазылған (ұстап қалған) аударымдар және (немесе) жарналар Мемлекеттік корпорацияның кейіннен қордың шотына аударуы үшін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аударылады.
  1. Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың жарналарын қордың шотына Мемлекеттік корпорация арқылы осындай шарттар жасалған салық агенттері ай сайын қорға аударуды жүзеге асырады.
  2. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен азаматтардың, дара кәсіпкерлердің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың және өзге де төлеушілердің жарналарын қорға төлеу Мемлекеттік корпорацияның кейіннен қордың шотына аударуы үшін банктер (бұдан әрі - банктер) немесе ұйымдар арқылы жүзеге асырылады
  3. Есепке жазылған (ұстап қалған) аударымдарды және (немесе) жарналарды:
  1. дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (осы тармақтың 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардан басқа), жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар мен кәсіби медиаторлар – кіріс төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;
  2. дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (осы тармақтың 3), 4) және 5) тармақшасында көрсетілген тұлғалардан басқа), жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар мен кәсіби медиаторлар өз пайдасына – есепті мерзімнен кейінгі ай сайын айдың 25-інен кешіктірмей;
  3. патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер – Салық кодексінің 431-тармағында көзделген мерзімде;
  4. арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары
– Салық кодексінің 446-тармағында көзделген тәртіппен және мерзімдерде;
  1. оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын шағын бизнес субъектілері – Салық кодексінің 438-тармағында көзделген мерзімде;
  2. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге шығып кеткен азаматтар, сондай-ақ өзге төлеушілер – есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;
  3. мемлекеттік жарналар – Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 82-бабында белгіленген тәртіппен, ай сайын ағымдағы айдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде аударылады.
  1. Жұмысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерден жарналарды аударуды Мемлекеттік корпорация әлеуметтік төлемдер аудару айынан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей жүзеге асырады.
  2. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен азаматтардың және өзге де төлеушілердің жарналарын есептеуді және аударуды олардың өздері не олардың пайдасына үшінші тұлға жүзеге асырады.
  3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан
Республикасының шетелдік мекемесіне жұмысқа жіберілген, Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі персоналымен ілесіп жүретін жұбайының (ілесіп жүретін зайыбының) жарналарын төлеу олардың өтініші бойынша еркін нысанда жасалатын Мемлекеттік корпорация арқылы кейіннен қорға аудару үшін дипломатиялық қызмет персоналының жалақысынан ұлттық валютада ұстап қалу арқылы жүргізіледі.
  1. Аударымдарды және (немесе) жарналарды аудару, оның ішінде берешектерді Мемлекеттік корпорацияға жүргізеді. Мемлекеттік корпорация аударымдар және (немесе) жарналар жүргізетін жұмыскерлер тізіміне (бұдан әрі – жеке тұлғалар тізімі) сәйкес қорға аударымдарды және (немесе) жарналарды аударады.
Жеке тұлғалардың тізімі: жеке сәйкестендіру нөмірін; тегін; атын; әкесінің атын (бар болған жағдайда); туған күнін; аударымдар және (немесе) жарналар сомасын; аударымдар және (немесе) жарналар төленетін кезеңді (айды, жылды) қамтиды.
Аударымдар және (немесе) жарналар төленетін кезеңді төлеушілер қағаз жеткізгіштерде жасалатын төлем тапсырмасының «Төлемнің мақсаты» деген бағанында, ал МТ-102 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларындағы көзделген «ААЖЖЖЖ» жеке жиегiнде көрсетеді.
  1. Төлеушiлер Қорға аударымдарды және (немесе) жарналарды Мемлекеттік корпорация арқылы жеке тұлғалар тiзiмдерiн қоса бере отырып, өздерiнiң банктік шоттарынан қолма-қол ақшасыз тәртіппен төлейдi.
  2. Мемлекеттік корпорацияға банктердің ақша аударуы жеке тұлғалар тізімін қоса бере отырып, МТ-102 форматында электрондық төлем тапсырыстарымен жүзеге асырылады.
  3. МТ-100 форматының төлем сомасына сәйкес салық агенттерінен түскен тапсырыстар тобынан тұратын жарналарды Мемлекеттік корпорация бір мезгілде электрондық тәсілмен қорға жеке тұлғалар тізімінің пайдасына аударады.
  4. Төлеушілердің берешектерді аударуы аударымдар және (немесе) жарналар жүргізілетін кезең (жыл,ай, айлар) үшін жеке тұлғалардың тізімін қоса бере отырып, МТ-102 форматында электрондық төлем тапсырмаларымен жүргізіледі.
  5. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен азаматтардың, дара кәсіпкерлердің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың және өзге де төлеушілердің жарналарын қорға төлеу Мемлекеттік корпорацияның кейіннен қордың шотына аударуы үшін банкке қолма-қол ақшалармен төлеуге рұқсат беріледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген төлеушілер жарналарды төлеу үшін қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын банктік шотты ашпай немесе пайдаланбай жүзеге асыру үшін «Қазақстан
Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде
№ 14419 болып тіркелген) нысандарға сәйкес төлем хабарламаларын пайдаланады.
  1. Мемлекеттік корпорация жеке сәйкестендіру нөмірі базасында аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеуді және мемлекеттік кіріс органдарымен аударымдардың және (немесе) жарналардың түсімдерін салыстыруды, жұмыстан айрылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдерден жарналарды есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды жүргізеді, аударымдар және (немесе) жарналар төленген жеке тұлғалардың дерекқорын жаңартады және Заңмен белгіленген өзге де функцияларды жүргізеді.
  2. Мемлекеттік корпорацияның шотына түскен аударымдар және (немесе) жарналар сомалары түскен күнінен бастап операциялық үш күн iшiнде MT-100 форматындағы төлем тапсырмасымен Қордың шотына аударылады.
Мемлекеттік корпорация төлеушіге жарналарды және аударымдарды:
  1. ЖСН жоқ және (немесе) деректемелерінде қателер жіберілген;
  2. аударымдардың және жарналардың сомасы аударымдардың және (немесе) жарналардың объектісінен республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір төлеушіден тиісті қаржы жылында ең төменгі жалақының он бес еселенген мөлшерінен артық төленген;
  3. Заңның 26-бабы 1-тармағының 1), 5), 7), 11), 12) және 13) - тармақшаларында көрсетілген аударымдарды төлеуден босатылған тұлғалардан қайтаруды жүзеге асырады.
  1. Жарналар мен аударымдарды төлеу мынадай тәртіппен тиындарды дөңгелектеуді ескере отырып, теңгеде жүргізіледі:
50 тиынға дейінгі сома 0 теңгеге дейін дөңгелектенеді;
50 тиыннан жоғары сома 1 теңгеге дейін дөңгелектенеді.
  1. Төлеуші артық (қате) төлеген аударымдарды және (немесе) жарналарды, өсімпұлды уақтылы толық төлемегені үшін аударымдардың және (немесе) жарналардың, өсімпұлдың Қорға аударылған сомаларын қайтару мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
төлеушi немесе банк Мемлекеттік корпорацияға осы Қағидаларға 1-
қосымшаға сәйкес нысан бойынша артық (қате) төленген аударымдарды және
(немесе) жарналарды, өсімпұлды қайтаруға өтінiш;
аударымдар және (немесе) жарналар, өсімпұл жүргiзiлген жеке тұлғалар
тiзiмдерiнде қате жіберілген жағдайда, өтiнiшке осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша растау-анықтама қоса беріледi; мiндеттi аударымдарды және (немесе) жарналарды қолма-қол ақшамен
төлеудi жүзеге асыратын төлеушiлер растау-анықтамаға аударымдардың және (немесе) жарналардың төленгені туралы төлем құжатының көшiрмесiн қоса бередi;
Мемлекеттік корпорация өтінім түскен күннен бастап операциялық бес күн iшiнде аударымдардың және (немесе) жарналардың және (немесе) өсімпұлдың есептелу фактісiн тексередi, өтiнiш осы төлем бойынша электрондық нысанда барлық деректемелердiң растамасын қоса бере отырып қорға жiберіледi;
Қор өтiнiштерді өңдегеннен кейiн MT-102 форматындағы төлем тапсырмасын қалыптастырады және кейiннен оларды төлеушiге аудару үшiн қорға төлеушінің өтініші түскен күннен бастап операциялық он күн iшiнде ақшаны Мемлекеттік корпорацияның банктік шотына аударуды жүзеге асырады.
Қайтаруға жатпайтын сомалар бойынша, қор себебiн көрсете отырып,
Мемлекеттік корпорацияға бас тарту туралы ақпаратты бередi;
Қор тiзiлiмiнiң негiзiнде Мемлекеттік корпорация MT-102 форматындағы төлем тапсырмасын қалыптастырады және артық (қате) есептелген аударымдардың және (немесе) жарналардың және (немесе) өсімпұлдың сомасын операциялық үш күн iшiнде төлеушiге аударады; төлеушi әлеуметтік аударымдардың және (немесе) жарналардың және
(немесе) өсімпұлдың сомаларын қайтарудан бас тарту себебi туралы ақпаратты
Мемлекеттік корпорация арқылы алады;
Мемлекеттік корпорация артық (қате) төленген сомалар қайтарылғаннан кейiн қорды осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізілген қайтарым туралы хабардар етедi;
Мемлекеттік корпорация мен Қор арасында айына бiр рет аударымдардың және (немесе) жарналардың және (немесе) өсімпұлдың аударылуын, сондай-ақ қордан аударымдардың және (немесе) жарналардың және (немесе) өсімпұлдың қайтарылуын салыстырып тексеру жүргiзіледi.
  1. Төлеушіге қызмет көрсететін банк электрондық төлем тапсырмаларын ресiмдеу кезінде қате жіберген жағдайда, банк «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жіберілген қателерді түзету жөнінде шаралар қабылдайды
  2. Қор келіп түскен және қайтарылған артық (қате) төленген аударымдарды және (немесе) жарналарды және (немесе) өсімпұлды есепке алуды жүргiзедi.
  3. Төлеушi тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi екінші айдың 15-күнiнен кешiктiрмей, орналасқан жерi бойынша мемлекеттік кірістер органына аударымдар және (немесе) жарналар жүргiзілген тұлғаларға есептелген аударымдар және (немесе) жарналар бойынша есеп-қисап ұсынады.
  4. Мемлекеттік корпорация күн сайын, өткен күн үшін мемлекеттік кірістер органына тiркелген төлеушілер бойынша келіп түскен және қайтарылған әлеуметтік аударымдардың және (немесе) жарналардың және (немесе) өсімпұлдың тiзiлiмдерiн Салық кодексінде белгіленген тәртіппен ұсынады.
  5. Қорға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеуді жүзеге асыратын төлеуші «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2003 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Мемлекеттік корпорациядан аударымдардың және (немесе) жарналардың сомалары туралы қажетті ақпаратты сұратады және алады.
Аударымдарды және
(немесе) жарналарды есептеу
(ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдеріне
1-қосымша
Нысан
«Әлеуметтiк медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасына
_______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда) көрсетілсін)

Өтiнiш

_______________________________________________________________ (аударымдарды және (немесе) жарналарды және (немесе) өсімпұлды төлеушiнiң немесе төлеушi банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның атауы)
үшін____________________________________________________________________ төлем тапсырмаларымен қате аударылған аударымдардың және (немесе) жарнаның және (немесе) өсімпұлдың артық
(қате) сомаларын_____________________________________________
_____________________________________________________________ атына (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендiру нөмiрі көрсету) қайтаруды сұраймын, референс, жалпы сомасы _____________, қайтару сомасы ______________________________________________________
Кейiнгі төлемдермен түзету мынадай себепке байланысты мүмкін емес (қажеттісін белгілеу керек):
  1. қате аударған;
  2. жұмыскер артық есептелген;
  3. төлемді тағайындау коды дұрыс көрсетілмеген;
  4. МТ-102 төлем тапсырмасы форматында қате жіберілген;
  5. төлеушінің деректемелері дұрыс көрсетілмеген;
  6. төлеушi немесе банк екi немесе одан да көп рет аударылған.
Қайтаруды мынадай деректемелер бойынша жүргiзудi сұраймыз:
__________________________________________________________________
(төлеушінің толық деректерi, банктік деректемелер көрсетiлсiн)
Қосымшалар: төлем құжатының көшiрмесi.
Қажет болған жағдайда: жұмыстан босату туралы бұйрықтың немесе еңбек қызметі тоқтатылғанын растайтын құжаттың көшiрмесi, өтініште және төлеушінің қаржы құжаттарындағы қолтаңбада айырмашылық болған жағдайда – қол қою құқығын беру туралы бұйрықтың көшірмесі.
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам өтініш берген жағдайда – жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі.
Басшы ______________________/______________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/қолы)
Бас бухгалтер______________________/_______________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/қолы)
Мөрдің орны
Ескертпе: өтініш бланкіде толтырылып, мөртаңбамен расталады
(факсимильді қолтаңбаға жол берілмейді)
Аударымдарды және
(немесе) жарналарды есептеу
(ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдеріне 2-қосымша
Нысан

Анықтама-растама


Аударымдарды және
(немесе) жарналарды есептеу
(ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдеріне
3-қосымша
Нысан
«Әлеуметтiк медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ төрағасына
_______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда) көрсетiлсiн)
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан келіп түскен, қате есептелген аударымдардың және (немесе) жарналардың және (немесе) өсімпұлдардың сомаларын қайтару туралы 20__ жылғы «__» ______ № __ өкіміне сәйкес мынадай төлеушілер бойынша хабарлайды:

Басшы ______________________________________________
      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2017 жылғы 30 маусымдағы
№ 478 бұйрығына
2-қосымша
Аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешекті өндіріп алу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы Аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешекті өндіріп алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы (бұдан әрі – Заң) Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағының екінші бөлігіне сәйкес әзірленді және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешекті өндіріп алу тәртібін айқындайды.
  2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
  1. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
  2. аударымдар – жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлейтін, өздеріне аударымдар төлеу жүзеге асырылған медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) жүйесіндегі медициналық көмекті алу құқығын беретін ақша;
  3. аударымдар мен жарналарды төлеушілер (бұдан әрі – төлеуші) – осы Заңда белгіленген тәртіппен қорға аударымдар мен жарналарды төлеуді, аударуды, ұстап қалуды, есептеуді шетелдік заңды тұлғалардың тұрақты мекеме, филиалдар, өкілдіктер арқылы Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаларды қосқанда, сондай-ақ дара кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар жүзеге асыратын жұмыс берушілер;
  4. әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі – қор) – аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алуды және оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;
  5. жарналар – осы Заңның 14-бабының 2-тармағында көрсетілген жарналарды төлеушілер қорға төлейтін және медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекті алу құқығын беретін ақша;
  6. МӘМС-ке аударымдар және (немесе) (жарналар) бойынша берешек – Заңда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде МӘМС-ке уақытылы аударылмаған аударымдардың сомасы және (немесе) жарналары;
  7. МӘМС – қор активтерінің есебінен медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсету жөніндегі құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені.

2-тарау. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешекті өндіріп алу тәртібі

  1. Аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек қалыптасқан кезде, мемлекеттік кірістер органдары төлеушiге хабарлама жібереді, оған сәйкес төлеушілер осындай хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік кірістер органына МӘМС жүйесіне аударымдар және (немесе) жарналар жүргізілетін қатысушылардың тізімін (бұдан әрі – жеке тұлғалар тізімі) ұсынады.
Мұндай хабарлама, егер аударымдар және жарналар бойынша берешек республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сомадан аспаса, жіберілмейді.
МӘМС-ке аударымдар және (немесе) (жарналар) бойынша берешек туралы хабарлама нысанын бюджетке салықтар мен өзге міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітеді.
  1. Мемлекеттік кірістер органы төлеушiлерден аударымдар және (немесе) жарналар жүргізілетін жеке тұлғалардың тiзiмдерiн алған кезде аударымдар және (немесе) жарналар бойынша қалыптасқан берешектi кейiннен қорға аудару үшiн көрсетiлген тiзiмдердi қоса бере отырып, төлеушiлердiң банктiк шоттарына инкассалық өкiмдер бередi.
Төлеушіге қойылған барлық талаптарды қанағаттандыру үшін банктік шоттарда ақша болмаған немесе ол жеткіліксіз болған жағдайда, банк төлеушінің ақшасын 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 742-бабына сәйкес белгіленген кезектілік тәртібімен алып қоюды жүргізеді.
  1. Төлеушінің банктік шоттарында ұлттық валютада ақша болмаған жағдайда, аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешекті өндіріп алу мемлекеттік кіріс органдары ұлттық валютада қойған инкассалық өкімдер негізінде төлеушінің банктік шоттарынан шетел валютасында жүргізіледі.
  2. Осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген хабарлама тапсырылған күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегі бар аударымдар және (немесе) жарналар жүргізілетін төлеуші жұмыскерлердің тізімін ұсынбаған жағдайда, мемлекеттік кіріс органдары төлеушінің банктік шоттары мен кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
  3. Мемлекеттік кірістер органдарының өкімі бойынша банктер (бұдан әрі – банктер) және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар төлеушілердің банктік шоттарындағы барлық шығыс операцияларын тоқтата тұрады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аударымдарды және (немесе) жарналарды, әлеуметтік аударымдарды, міндетті зейнетақы жарналарын, салықтарды, кедендік төлемдерді, алымдарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, уақытылы төленбеген аударулардың өсімпұлдарын, сондай-ақ бюджетке төлеуге жататын айыппұлдарды аударуға қатысты нұсқауларды орындайды.
  4. Төлеушiнiң кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, банкке кейiннен аударымдарды және (немесе) жарналарды, әлеуметтік аударымдарды, міндетті зейнетақы жарналарын, салықтарды, кедендік төлемдерді, алымдар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, уақытылы төленбеген аударулардың өсімпұлдарын, сондай-ақ бюджетке төлеуге жататын айыппұлдарды аудару үшiн ақшаларды тапсыру бойынша операциялардан басқа, кассадағы қолма-қол ақшалардың барлық шығыс операцияларына қолданылады.
Төлеуші касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді алған сәттен бастап, кассаға түсетін барлық қолма-қол ақша Қорға аударуға жатады
Мемлекеттік кірістер органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімін төлеуші сөзсіз орындауы тиіс.
Касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім нысанын бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің түсіруді қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік өкілетті орган белгілейді.
  1. Банктік шоттары және төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органының өкімін осындай өкім шығарған мемлекеттік кірістер органы банктік шоттар және касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрудың себептері жойылған күннен кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей жояды.
  2. Банктер аударымдардың және (немесе) жарналардың сомаларын төлеушінің банктік шоты есебінен шығарылған күні Мемлекеттік корпорация арқылы қордың шотына аударады.
  3. Аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешекті Мемлекеттік корпорацияға өтеу аударымдар және (немесе) жарналар жүргізілетін кезең (жыл, ай, айлар) үшін жеке тұлғалардың тізімін қоса бере отырып, МТ-102 форматында электрондық төлем міндеттерімен жүзеге асырылады. Мұндай тізім: жеке сәйкестендіру нөмірін; тегін; атын; әкесінің атын (бар болған жағдайда); туған күнін; аударымдар және (немесе) жарналар сомасын; аударымдар және (немесе) жарналар төленетін кезеңді (айды, жылды) қамтиды.

                                     Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов                                 Дата редакции         30.06.2017
                                      Республики Казахстан в электронном виде                                                             Дата скачивания      07.08.2017
  1. Мемлекеттік корпорация шотына түскен аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек сомалары, олар түскен күннен бастап үш банктік күн ішінде қор шотына төлем тапсырмасы арқылы аударылады.


Банерлер






Наши контакты в соц. сетях

Наверх