Басқарма басшысы

Жұманқұлов Марат Сейтбекұлы – 1966 жылы 26 қыркүйекте Семей қаласында туылған. Ұлты қазақ, білімі жоғары. Алматы мемлекеттік медициналық институтын емдеу ісі мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1993 жылы Жамбыл қаласы ауруханасында терапия жөніндегі интерн дәрігері болып бастаған. 1994-1996 жылдары Талас аудандық ауруханасында бөлімше меңгерушісі. 1996-1998 жылдары Алматы облысы Іле аудандық ауруханасы қан құю бөлімшесінің, жалпы тәжірибелік дәрігер бөлімшесінің меңгерушісі. 1998-1999 жылдары Алматы облысы Іле аймақтық медициналық ұйымының бас терапевті. 1999-2000 жылдары Тараз қалалық ауруханасы қабылдау бөлімшесінің терапевт дәрігері. 2000-2001 жылдары Жуалы аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары. 2001-2002 жылдары Меркі ауданы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының бастығы. 2002 жылдың маусым айынан бүгінгі күнге дейін Меркі аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері. 2012 – 2017 жылдары Жұманқұлов Марат Сейтбекұлы Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары. 2017 жылдың 11 шілдесінен бастап Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқарма басшысы.



Банерлер






Наши контакты в соц. сетях

Наверх