Басқарма басшысының орынбасарлары

Махашов Нұрлан Оразқұлұлы, ұлты – қазақ, білімі – жоғары. 1959 жылдың 18 мамырында Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Бектөбе ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын киномеханик ретінде бастаған ол 1988 жылы Жамбыл технологиялық институтын бітірген соң экономист, бухгалтер-ревизордан бастап, Жамбыл аудандық киножүйесінің директорына дейін көтеріледі. 1994 жылы облыстық кино-видео басқармасында аға ревизор, басшының орынбасары, облыстық кино кеңсесінің директоры, 2001 жылы «Валют-транзит» өндірістік қаржы ассоциациясының Жамбыл аумақтық басқармасының даму іс басқарушысы, одан әрі Жамбыл облысы әкімиятының Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысының, экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің басшысының, құрылыс департаменті директорының, Т.Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары, 2010 жылы ҚР Бас Прокуратурасының келісімімен Шығыс Қазақстан облысы Прокуратурасының экономика және қаржы басқармасының басшысы лауазымына тағайындалады. 2011 жылы ҚР Қаржы Министрлігі қазынашылық комитеті Жамбыл облысы бойынша қазынашылық Департаменті басшысының орынбасары қызметіне ауыстырылады.  Бүгінде Жамбыл облысы әкімдгінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының қаржы және экономикалық мәселелері жөніндегі орынбасары.

 

Мурзақасымов Хамит Саттарқұлұлы, 1975 жылғы 13 ақпанда туылған. 1994 – 2000 жылдар аралығында Алматы мемлекеттік медицина институтын емдеу ісі мамандығы бойынша оқып бітірді. 2000-2001 Интерн дәрігер, Алматы мемлекеттік медицина институты. 2001-2009 жылдары №2 қалалық ауруханасында уролог дәрігер. 2009-2014 жылдары №2 қалалық аурухананыңда урология бөлімшесінің меңгерушісі. 2014-2017 №2 қалалық ауруханасы бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары. 2017 жылдың 12 қыркүйегінен бастап Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары. 2017 жылы Денсаулық сақтау ісінің үздігі төсбелгісімен марапатталған. «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Жоғары санатты дәрігер.



Банерлер






Наши контакты в соц. сетях

Наверх