Жаңалықтар

25 Қазан 2018 Жыл • 0 • 606 • 1 • 15 •
Алғашқы медициналық санитарлық көмек саласында қызмет атқаратын Меркі ауданының медициналық қызметкерлері үшін «Алғашқы медициналық санитарлық көмек жағдайында АИТВ мәселелері бойынша тұрғындарға кеңес» тақырыбында облыстық ЖИТС орталығының мамандары семи

Алғашқы медициналық санитарлық көмек саласында қызмет атқаратын Меркі ауданының медициналық қызметкерлері үшін «Алғашқы медициналық санитарлық көмек жағдайында АИТВ мәселелері бойынша тұрғындарға кеңес» тақырыбында облыстық ЖИТС орталығының мамандары семинар-тренинг өткізді.
Өз аймағының тұрғындарын жетік білетін МП, ФАП, ОДА, ОАЕ қызметкерлері кездесуге бірінші кезекте шақырылды. Тұрғындармен алдын алу жұмысын жүргізудің негізі болып «ақпараттанған адам азулы» қағидасы саналды. АИТВ туралы ақпараттанған адам оны жұқтырудан да аулақ болады. Психоәлеуметтік кеңес сұрақтарына аса көңіл аударылды. Түрлі санаттағы тұрғындармен және шамалы топпен тәжірибе жүзінде кеңес беру дағдылары үйретілді. Тыңдаушылардың тәжірибелік сабақта жіберген кемшіліктерін облыстық ЖИТС орталығының профилактика бөлімінің меңгерушісі Садыбекова Ғалия жұмыс барысында түзетіп отырды. Кеңестен кейін өткізілген тест Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы мен Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының арасында бекітілген меморандум міндеттерін орындау дегенді білдіреді. Жамбыл облыстық ЖИТС орталығы осындай семинар-тренингпен бірнеше ауданға іс-сапарға шығуды жоспарлап отыр.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
19 Наурыз 2019 Жыл 75

Жамбыл облысында ЕАҰ АИТВ жұқпасын алдын алу бойынша жыл сайынғы семинар-кеңес өткізілді

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығында Жамбыл облысында ЕАҰ АИТВ жұқпасын алдын алу бойынша семинар-кеңес өтті.Семинарға АИТВ жауапты мамандар, қалалық және аудандық емдеу мекемелерінің эпидемиолог-дәрігерлері қатысты.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
19 Наурыз 2019 Жыл 81

«Жаңғыру күні»

Наурыз мейрамы қарсаңында, Жамбыл облысының қалалық және облыстық перинаталдық орталықтарында «Жаңғыру күні» мерекелік іс-шарасы аясында салтанатты түрде стационардан шыққан нәрестелерге сыйлықтар және аналарға гүл шоқтары табыс етілді
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
19 Наурыз 2019 Жыл 82

Туберкулезге қарсы кең көлемді акция

«Туберкулезбен күресуге өз үлесіңді қосатын уақыт келді!»
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
11 Наурыз 2019 Жыл 163

Медициналық негізгі бағдар — сапа мен қолжетімділік

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың (МӘМС) негізгі қағидаларының бірі қоғамдық ынтымақтастық және әлеуметтік әділеттілік болып табылады


Банерлер






Наши контакты в соц. сетях

Наверх