Жаңалықтар

30 Қазан 2018 Жыл • 0 • 368 • 1 • 4 •
Жамбыл облысы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдардың бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Хабарландыру мәтініне
персоналды басқару қызметі жауапты
     
 
Жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:
 
D-О-4 санаты үшін:
жоғары білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
Жұмыс тәжірибесі: қажет етілмейді.
D-О-5 санаты үшін:
жоғары білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
Жұмыс тәжірибесі: қажет етілмейді.
 
 
Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық жалақысы
 
Санаты Еңбек өтіліне байланысты қызметтік еңбек ақысы
теңгеден теңгеге дейін
D-O-4 83 353 112 376
D-O-5 75 035 101 581
 
Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (индекс 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125, 505, 511 бөлмелер, анықтама үшін телефондар: 8(7262)453468, 433630, 433675, факс: 432517, e-mail: obl_akim@zhambyl.kz) бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
  1. Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің бас маманы, санаты D-О-4, № 21-01-02, 1 бірлік.
Функционалдық міндеттері: құрылыс объектілері мен құрылыс өнімдеріне мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыру, салынып жатқан және салынуы жоспарланған (қайта жаңғыртылатын, кеңейтілетін, жаңғыртылатын күрделі жөнделетін) объектілер мен кешендерге мониторинг жүргізу; құрылыстың сапасын тексеру нәтижелерін жинақтау және талдау, тіркеу, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге (құрылысты басталуына) арналған хабарламаларды қарау. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге (құрылысты бастауға) арналған хабарламаларды қарау, іс қағаздарын (кіріс және шығыс хат-хабарларын) жүргізу, тиісті органдардағы тексерулер туралы өкімдерді тіркеу, тоқсан сайын және жыл сайын тексерулердің сәйкестігің тексеру. Сәулет-құрылыс бақылау мәселелері бойынша азаматтардың және ұйымдардың өтініштерін қарау, құрылыс субъектілеріне қатысты әкімшілік іс қозғағанда заңдылықты қамтамасыз ету, уәкілетті органда тексеру жүргізу туралы актілерді уақтылы тіркеу. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында жоюға болмайтын бұзушылыққа жол берген заңды, жеке және лауазымды тұлғаларға қатысты заңнамалық тәртіпте белгіленген шаралар қолдану.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе өнер саласындағы. Мамандығы: құрылыс немесе құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру, гидротехникалық құрылыс немесе көлік құрылысы немесе сәулет.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саясаты бағыты стратегиясын білуі, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы», Заңдарын және «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі», осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
2. Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының лицензиялау және аттестаттау бөлімінің бас маманы, санаты D-О-4, № 21-02-02, 1 бірлік.
Функционалдық міндеттері: лицензия алу үшін лицензиаттар ұсынған құжаттар мен материалдарды қарау, заңмен белгіленген лицензияланатын жұмыс түрлерінің тізіміне сәйкес ведомстволық бағыныстағы аумақтағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыру. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінде субъектілерге берілетін лицензияларға мониторинг жүргізу, оларды есепке алу мен тіркеу, лицензиаттардың лицензиялау ережелері мен нормаларын сақтауын бақылау, лицензиялау нормалары мен ережелерін бұзуға жол берген заңды және жеке тұлғаларға қатысты заңнамалық тәртіпте белгіленген шаралар қолдану. Лицензиялық құжаттарды сақтау, мұрағатқа өткізу үшін оларды белгіленген тәртіпте рәсімдеуді жүргізу, уәкілетті органда тексеру жүргізу туралы актілерді уақтылы тіркеу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе өнер саласындағы немесе құқық саласында. Мамандығы: құрылыс немесе құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру немесе гидротехникалық құрылыс және ғимарат немесе көлік құрылысы немесе сәулет немесе құқықтану немесе халықаралық құқық.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саясаты бағыты стратегиясын білуі, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы», Заңдарын және «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі», осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
3. Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының еңбек заңнамасын бақылау бөлімінің бас маманы - мемлекеттік еңбек инспекторы D-О-4 (уақытша, негізгі қызметшінің 2019 жылдың 30 маусымына дейінгі оқу демалысы мерзіміне), 1 бірлік, №02-1-6.
Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін уақтылы және сапалы қарау, түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою жөніндегі шараларды қабылдау мақсатында осындай бұзушылықтар туралы жұмыс берушілерді (олардың өкілдерін) хабардар ету. Жалақы қарыздар бойынша мәліметтер жинақтау, уақытылы, міндетті төлемдерді жұмыс берушінің қамтамасыз етуіне байланысты жұмыстарды жүзеге асыру. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруге қатысу. Еңбек заңнамасының бұзылу себептерін жинауды, талдауды және қорытуды жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының бұзылуының алдын алу жөніндегі жұмысты күшейтуге бағытталған шараларды әзірлеу мен қабылдауға қатысу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында. Мамандығы: техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы (жалпы).
 «Қазақстан-2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексін және осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін заңнамалық және өзге нормативтік-құқықтық актілерді білу.
4.  Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының автомобиль жолдары бөлімінің жетекші маманы, санаты D-O-5, 1 бірлік,  №02-4.
Функционалдық міндеттері: бөлімде өз уәкілеттілігімен және лауазымдық міндеттемелермен анықталған жұмыстар атқарады. Басшылардың тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындайды. Бөлім жұмысының нәтижелі жүргізілуіне ұсыныс беріп отырады. Атқарылған жұмыстардың көлемдерін қабылдауға қатысу, мердігерлік Ф. №2  актісі және № 3  анықтамасының дұрыс толтырылуын жүзеге асырады. Жергілікті мәндегі автомобиль жолдарын, ондағы тексеру жұмыстарын ұйымдастырады. Облыстық мәндегі автомобиль жолдарын, ондағы жасанды құрылымдардың техникалық және эксплуатациялық жағдайларын жоғарылату мақсатында жылдық жоспар әзірлеу  барысында ақаулық  ақпар тізімін дайындауға қатысады. Жол-құрылыс материалдарының жылдық қажеттілігінің іріктемесін жүргізеді. Облыстық мәндегі автомобиль  жолдарында атқарылатын күрделі, орта жөндеу жұмыстарының  және атқарылған жұмыстардың тізімін әзірлейді.   Өзіне бекітілген мердігерлік мекемелердің титулдық жұмыс тізіміне сәйкес атқаратын өндірістік жұмыстарының сапасына және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша уақтылы шара қолдануына   жауапты. Күнделікті бөлімге түскен хаттардың, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың өтініштеріне берілетін жауаптарды әзірлейді. Басқарманың   ішкі еңбек тәртіп  ережелерін сақтауға міндетті. Жамбыл облысының облыстық мәндегі автомобиль жолдарын, ондағы жасанды құрылымдардың пайдаланылуын, техникалық  жағдайы деңгейінің жоғарылауын қадағалайды. Автомобиль жолдарының сақталу және жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша басқармамен жол саласы бойынша ҚР Үкіметінің шешімдерін және құқықтық-нормативтік актілерінің орындалуын қадағалайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы. Мамандығы: құрылыс немесе көлік құрылысы немесе көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалды ұйымдастыру.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, Қазақстан Республикасының   «Автомобиль жолдары туралы» Заңдарын,  функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.     
5  Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жолаушылар көлігі бөлімінің жетекші маманы, санаты  D-O-5, 1 бірлік,  №03-3.
Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының көлік саласындағы заңнамасына сәйкес жолаушылар тасымалын ұйымдастыру; жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық, қалааралық, қалалық, қала маңындағы автомобильмен тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзу; қалалық және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтiк мәні бар жолаушылар тасымалдауларын жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауды жүзеге асырады; жолаушылар көлiгiн дамытудың кешендi схемасын және жол қозғалысын ұйымдастырудың жобаларын әзiрлеу; жолаушылар мен багажды тасымалдау мен айналысатын көлік компанияларының жол қауіпсіздігі шараларын ұйымдастыру жұмыстарын бақылау мақсатында, полиция органдары және көлік бақылау инспекциясы қызметкерлерімен бірлесе отырып рейдтік іс-шараларға қатысады, рейдтік іс-шаралардың қорытындылары бойынша мәліметтер мен ұсыныстар даярлау; қоғамдық көліктердің жұмысын бақылау бойынша рейдтік іс-шараларға қатысу, қорытындылары бойынша анықтамалар даярлау; автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыру; автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің тiзiлiмiн жүргiзу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе қызмет көрсету саласындағы. Мамандығы: көлік, көліктік техника және технологиялар немесе технологиялық машиналар және жабдықтар немесе көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалды ұйымдастыру.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңын және функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
5. Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының дәрімен қамтамасыз ету және медициналық құрал-жабдықтар бөлімінің бас маманы, №01-09-02.
Функционалдық міндеттері: емдеу алдын алу ұйымдарда есірткі, дәрілік заттардың,  психотроптық заттардың және прекурсорлардың қажеттілігін анықтау, жоғары тұрған ұйымдарға және фармацевтикалық бақылау департаментіне тоқсан сайынғы есеп беру.  Емдеу алдын алу ұйымдарына арнайы рецептуралық бланктерін талап бойынша беру және арнайы рецептуралық бланктердің қозғалысы бойынша есепті Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының бухгалтерлік есеп және есеп беру бөліміне тапсыру. Орталықтандырылған сатып алу және гуманитарлық көмек бойынша түскен дәрілік заттардың тиісті құжаттарын рәсімдеу, қабылдау және бөлу.Өкілетті органға тиісті құрылымдармен келісе отырып нысаналы ағымдағы трансферттер бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалары шеңберінде сатып алынатын дәрілік заттардың қажеттілігін дер кезінде тапсыру. Жоғары тұрған ұйымдарға есептерді, ақпараттарды және анықтамаларды дер кезінде тапсыру. Ағымдағы республикалық трансферттер және жергілікті бағдарламалар есебінен сатып алынатын құрал-жабдықтардың қажеттілігі өтінімдерін жинау және тапсыру. Облыстың емдеу алдын алу ұйымдары медициналық құрал-жабдықтарды тиімді және ұтымды пайдалану бойынша мониторинг жүргізу. Емдеу алдын алу ұйымдары сатып алған медициналық құрал-жабдықтар үшін ақы төлеуге құжаттар даярлау. Жоғары тұрған ұйымдарға дер кезінде есептерді, анықтамаларды тапсыру. Дәрілік заттарды ұтымды пайдалануына мониторинг жүргізу, сатып алуды ұтымды пайдалануын үйлестіру, бюджеттік қаражатты тиімді пайдалану және дәрілік заттардың қажеттілігін бағалау. Облыстың емдеу алдын алу ұйымдарында артық медикаменттерді қайта бөлуге және жоқтарын сатып алуға көмек көрсету. Келесі есептерді қабылдау: жергілікті бюджет есебінен сатып алынатын дәрілік заттар, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне тоқсан сайын есеп тапсыру. Жоғары тұрған ұйымдарға есептерді, анықтамаларды дер кезінде тапсыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)  немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласында. Мамандығы: жалпы медицина немесе фармация немесе фармацевтикалық өндіріс технологиясы.
«Қазақстан - 2050» Стратегиясын, ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексін, ҚР Еңбек Кодексін, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
 
  
 
 
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1)      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2)      3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;
3)      бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;
4)  еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;
5)  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
6)  Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7)  құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8)  конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
9)  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
10)  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде мына мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс: 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 үй,  505, 511 –іс бөлмелер, анықтама телефондары: 45-34-68, 43-36-30, 43-36-75, факс:43-25-17, e-mail: obl_akim@zhambyl.kz.   
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күні бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейiн, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, әңгімелесуге жіберілгені туралы хабар алған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде жоғарыда көрсетілген мекен-жайында орналасқан мекемеде әңгімелесуден өтеді.
Конкурс комиссиясының үміткерлермен әңгімелесу отырысына байқаушылар қатыстырылуы мүмкін.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы


 
Нысан
 
__________________________
 (мемлекеттік орган)
 
Өтініш
     
Мені___________________________________________________________
____________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
     
Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________
 
________                                               ____________________________________
  (қолы)                                                          (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
 
«___»_______________ 20 __ ж.

 
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы
 
Нысан
 
«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК
ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»
_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)
ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)
 
_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)
 
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
1. Туған күні және жері/
Дата и место рождения
 
2. Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)
 
3. Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения
 
4. Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
 
5. Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками
 
6. Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)
 
7. Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)
 
8. Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)  
9. Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)
 
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
Күні/Дата қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации
қабылданған/
приема
босатылған/
увольнения
 
     
 
 
     
 
 
 
 
 
 
   
 
 
 
 
 
 
   
 
 
 
 
 
 
   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
   
 
 
 
 
 
 
   
 
 
_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата
 
_______________
күні/дата
           
 
 
 
 
 
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
16 Қараша 2018 Жыл 0

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Таразға жұмыс сапарымен келді

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Тараз қаласындағы емдеу-алдын алу мекемелерінің қызметімен танысып, «ZHANUYA» және №5 қалалық емханаларды, облыстық онкологиялық диспансернің құрылыс барысын, Гродеково дәрігерлік амбулаториясын, №1 қалалық
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
15 Қараша 2018 Жыл 6

Қант диабеті жайлы не білеміз?

Қант диабеті –денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселесі
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
15 Қараша 2018 Жыл 9

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің Жамбыл облысындағы іс-сапары

Үкімет басшысы бастаған делегация құрамында Жамбыл облысына келген ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев жұмыс сапарында денсаулық сақтау жүйесiн дамыту барысымен танысты. Атап айтқанда, медициналық инфрақұрылымды жаңарту шаралары қаралды.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
13 Қараша 2018 Жыл 14

БЖЗҚ баршаға қолжетімді

2018 жылдың 20 қарашасында «БЖЗҚ» АҚ Жамбыл облыстық филиалында «БЖЗҚ барлық салымшыларға қолжетімді» атты Ашық есік күні өткізіледі. Қор бұл шараны екі жылдан бері дәстүрлі түрде әр тоқсан сайын ұйымдастырып келеді.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
13 Қараша 2018 Жыл 12

«БЖЗҚ барлық салымшыларға қолжетімді» атты Ашық есік күніне шақырады

«БЖЗҚ» АҚ-ның Жамбыл облыстық филиалы 2018 жылдың 20 қарашасында өтетін «БЖЗҚ барлық салымшыларға қолжетімді» атты Ашық есік күніне шақырады


Банерлер






Наши контакты в соц. сетях

Наверх