Жаңалықтар

31 Қазан 2018 Жыл • 0 • 101 • 0 • 4 •
Кейіннен сатып алу құқығымен 10 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендерге «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Айша бибі санаторийі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мүліктік кешен

1. Кейіннен сатып алу құқығымен 10  жыл мерзімге  сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендерге «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Айша бибі санаторийі»  мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мүліктік кешен ретінде қойылады. Объектінің бастапқы бағасы  1 060 011 000 теңгені, кепілдік жарнасы  159 001 650 теңгені құрайды. Тендердің өтетін уақыты мен күні: 2018 жылдың 20 қарашасында, сағат 10:00-де.
Тендердің шарттары:
1. Сенімгерлік басқарушының Объектіге инвестиция салу бойынша міндеттері:
- 18 орындық микроавтобус көлігін сатып алу. Автокөліктің шығарылу мерзімі 2017 жылдан ерте емес. Іске асыру мерзімі 2019 жыл;
- сумен жабдықтаудың барлық жүйелеріне күрделі жөндеуді жүргізу. Іске асыру мерзімі 2019 жыл;
- көлемі 50 м3 болатын су мұнарасын орнату. Іске асыру мерзімі 2019 жыл;
- толыққанды жұмыс істеу үшін, барлық кәріз жүйелерін және сүзгі алаңдарын қайта жаңғырту. Іске асыру мерзімі 2019 жыл;
- табиғи газ құбырларын жүргізу және нысанды табиғи газға қосу. Іске асыру мерзімі 2021-2022 жылдары;
- қуаттылығы Нысанды үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз ететін, екінші резервтік электр желісін тарту. Іске асыру мерзімі 2020-2021 жыл;
- 60 орындық жазғы амфитеатр және кемінде 50 адамға арналған би алаңын  салу;
- ҚР Үкіметінің 05.04.2015 жылғы №191 қаулысына сәйкес, мәліметтері кемінде 30 күн бойы сақталуы тиіс, ғимараттардың ішінде күмбезді 20 бейнекамера және диапазоны барлық периметр бойынша көрсетуді, барлық ауа-райында қарауды қамтамасыз ететін, жыл бойы пайдалануға болатын 34 бейнекамералар орнату.  Іске асыру мерзімі 2019 жыл;
- спутниктік телекөрсетілімнің сәйкестік жиынтық санымен, 60 кем емес тюнерлерді сатып алу және орнату. Іске асыру мерзімі 2019 жыл;
- көкөніс сақтау ғимаратын 20 кг кем емес жүктеуімен сәйкестік құрал-жабдықтары орнатылған кір жуу ғимаратына арнап қайта жаңғырту. Іске асыру мерзімі 2020 жыл; 
- ұзындығы 650 қума метр периметрі бойынша аумақтың сыртқы темір қоршауын орнату. Іске асыру мерзімі 2020 жыл;
- қолданыстағы нормативтерге сәйкес 50 төсектік тұрғын корпусын салу және іске қосу. Іске асыру мерзімі 2019-2021 жылдары;
- жыл бойы қызмет атқаратын, көлемі 48 м3 құрайтын сәйкестік құрал-жабдықтарымен  жабық бассейнін салу. Іске асыру мерзімі 2021 жыл;
- жасанды төсенішті кіші футбол және волейбол алаңдарын салу. Іске асыру мерзімі 2021 жыл;
- жедел жәрдем медициналық көмек көрсету үшін арнайы автокөлік сатып алу. Автокөліктің шығарылу мерзімі 2017 жылдан ерте емес. Іске асыру мерзімі 2022 жыл;
- әкімшілік-басқарушы персонал үшін жеңіл автокөлік сатып алу. Қазақстанда жасалған, шығарылу мерзімі 2017 жылдан ерте емес. Іске асыру мерзімі 2023 жыл;
- ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізу (құрылтайшымен және сәйкестік саланың органымен келісілген, күрделі жөндеудің ақаулық актісі бойынша анықталатын түрі мен көлемі). Іске асыру мерзімі 2024 жыл;
- ақаулық актісіне сәйкес жыл сайын Нысанға ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу;
- 4 данадан кем емес омыртқаға тігінен су асты созылуын жүргізуге арналған арнайы жабдық-құралын орнату. Іске асыру мерзімі 2025 жыл;
- 31.05.2017 жылғы №357 СанПиН-ге сәйкестендірілген стандарт бойынша желдету-сору желдеткішін орнату. Іске асыру мерзімі 2026 жыл;
- 31.05.2017 жылғы №357 СанПиН-ге сәйкестендірілген стандарт бойынша емдеу ванналары үшін көлемі 20 м3 резервуар орнату. Іске асыру мерзімі 2027 жыл;
- қуаттылығы күніне 100 бөлкеден кем емес шағын наубайхана салу және құрал-жабдықтарын сатып алу. Іске асыру мерзімі 2028 жыл.
                Сенімгерлік басқару кезеңінде:
- Нысанды тиімді басқару;
- Нысанның сақталуын қамтамасыз ету;
- қолданыстағы жұмыс орындарын сақталуын қамтамасыз ету;
- қоршаған орта мен еңбекті қорғау нормалары мен ережелерін сақтау;
- белгіленген мерзімде Нысанның берешектерін уақытылы өтеу;
- Нысанды сенімгерлік басқаруға беру кезінде орын алатын салық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;
- табиғат қорғау іс-шараларын орындалуын қамтамасыз ету;
- сенімгерлік басқару бойы қызмет жасау бейінін сақтау;
- Нысанды сенімгерлік басқаруға беруге дейінгі көрсетілетін қызметтер көлемінен және түрлерінен кем емес қызметтер көлемін және түрлерін сақтау;
- сенімгерлік басқару мерзімінде мүлікті (жылжымалы және жылжымайтын мүлікті), Нысанды кепілдік ретінде бермеуге, үшінші тұлғалардың құқықтарына кепілдік бермеуге, үшінші тұлғаларға сатуға шығармау;
- аумақты абаттандыру және ағымдағы жөндеу жүргізу (жыл сайын);
- жыл сайын тиісті саланың құрылтайшылары мен жергілікті атқарушы органдарына атқарылған жұмыстар туралы есептерді, сондай-ақ қажет болған жағдайда қажетті ақпаратты ұсыну.
Сенімгерлік басқарушы Нысанды одан әрі сатып алу және денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді орындау бойынша міндеттемелерді қабылдайды.
Ескерту: тендерде жалғыз қатысушыға беруге жол беріледі.
Тендерді өткізу тәртібі:
Тендерге қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және тендер басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады.
Тендерге қатысу үшін қатысушы мыналарды:
1) жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын және әкесінің атын (болған жағдайда);
2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын және әкесінің атын (болған жағдайда);
3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін;
4) байланыс деректерін (пошталық мекенжайын, телефонын, е-mail) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелуі қажет.
Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.
Тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін тізілімнің веб-порталында қатысушының ЭЦҚ қол қойылған өтінімді тіркеу қажет.
Өтінімге тіркеледі:
1) тізілімнің веб-парағында арнайы бөлінген электрондық конвертке салынған тендерге қатысушы қол қойған баға ұсынысы (объектіні кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берген кезде);
2) құжаттардың "PDF (Portable Document Format)" форматында сканерленген) электрондық көшірмелері:
тендер жарияланған күннен кейін берілген анықтаманы берген күннің алдындағы үш айдан астам созылатын тендерге қатысушы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша банк (банк филиалы) алдында мерзімі өткен берешектің жоқ екендігі туралы банктің (банк филиалының) қол қойылған және мөр басылған (ЭЦҚ) анықтамасы. Егер әлеуетті қатысушы екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетел банкінің клиенті болып табылған жағдайда, осындай банктердің әрқайсысынан анықтама ұсынылады;
"Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабымен міндетті аудит жүргізу белгіленген заңды тұлғалардың соңғы қаржы жылындағы аудиторлық есебі;
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік не анықтама;
жарғы. Шетелдік заңды тұлғалар шетел мемлекетінің консулдық мекеме заңдастырған құрылтай құжаттарын, мемлекеттік және орыс тілдерінде нотариат куәландырған аудармасымен, сондай-ақ Гаага қаласында 1961 жылғы 5 қазанда жасалған Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенцияға сәйкес апостиль мөртаңбасы қойылған құжаттарды ұсынады;
тендер жарияланған күннен кейін берілген салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің (төлеу мерзімі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексінің 6-тарауына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер;
хабарламада көрсетілген қатысушыға (сенімгерлік басқарушыға) қойылатын талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар көшірмелері қоса беріледі.
Өтінім тіркелгеннен кейін тізілімнің веб-порталы үш минут ішінде сенімгерлік басқару шарттары бойынша электрондық деректер базасында кепілдік жарнаның түсуі туралы мәліметтердің болуын автоматты түрде тексереді.
Бірыңғай оператордың шотына тендер өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның тендер басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімнен бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Сенімгерлік басқару шарттары бойынша электрондық деректер базасында бірыңғай оператордың шотына кепілдік жарнаның түсуі туралы мәліметтер болған жағдайда, тізілімнің веб-порталы қатысушының өтінімін қабылдауды жүзеге асырады.
Тізілімнің веб-порталы автоматты түрде тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімнен бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.
Қазақстан Республикасының заңдарына немесе құрылтай құжаттарына сәйкес жүзеге асырылуы тендердің шарты болып табылатын қызмет түрлерімен айналысуға мүмкіндігі жоқ тұлға тендерге қатысушы болып табылмайды.
Объектіні кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берген кезде тізілімнің веб-порталы құрылтайшы тендерге жіберген тендерге қатысушылардың баға ұсыныстарын автоматты түрде ашу және салыстыру нәтижелері бойынша жеңімпазды анықтайды.
Объект үшін ең жоғары баға ұсынған қатысушы жеңімпаз болып танылады.
Объектіні кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендерге қатысушылар ұсынған бағалар сәйкес (тең) болған жағдайда өтінімді бұрын тіркеген қатысушы жеңімпаз болып танылады.
Кепілдік жарнаны қатысушылар «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-ның мынадай арнайы транзиттік есеп-шотына аударады: БСН 050540004455, ЖСК KZ946017111000000330, БСК HSBKKZKX, банк атауы «Қазақстан Халық банкі» АҚ, ТТК 171, БеК 16 (банктік қызмет есебі кепілдік жарна төлемінің ішіне кірмейді).
Тендерлерді өткізу туралы қосымша мәліметтерді 8 (7262) 45-48-90, 45-93-12 телефондары және www.gosreestr.kz сайты арқылы алуға болады.
Тендер ұйымдастырушысының мекенжайы: Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 78, 4-қабат, 403 кабинет.
БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ
19 Қазан 2018 Жыл 110

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2018 жылғы «18» қазан БЖЗҚ қауесеттерді жоққа шығарады және мемлекеттік кепілдік бойынша төлемдер алу ережесін түсіндіреді
БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ
15 Қазан 2018 Жыл 115

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2018 жылғы «11» қазан Композиттік қызметті енгізу туралы
БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ
11 Қазан 2018 Жыл 116

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2018 жылғы «21» қыркүйек БЖЗҚ қауесеттерді жоққа шығарады


Банерлер






Наши контакты в соц. сетях

Наверх