Жаңалықтар

5 Қараша 2018 Жыл • 0 • 401 • 0 • 7 •
Электронды үкімет порталы мен egov.kz Telegram-ботында балаларды емханаға тіркеу қызметі іске қосылды.
 
Электронды үкімет порталы мен egov.kz Telegram-ботында балаларды емханаға тіркеу қызметі іске қосылды.
Қызметті әзірлеген «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ хабарлауынша, ол үшін пайдаланушы egov.kz порталына тіркеліп, электронды цифрлық қолтаңбасы болса жеткілікті. Тағы бір айта кетерлігі, онлайн-қызмет 2007 жылға дейін туған балаларға көрсетілмейді.
Қызметті пайдалану үшін алдымен порталдағы «Денсаулық сақтау» бөліміне кіреміз. «Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медицина ұйымына тіркелу» қызметін таңдап, балаға қызмет көрсету опциясын басамыз.
Содан соң жүйе баланың ЖСН енгізуді сұрайды. ЖСН негізінде туыстық байланыстарды анықтау үшін АХАТ бөлімінің ақпараттық жүйесіне автоматты түрде сауал жолдайды. Бұл көп уақыт алмайды. Процесс аяқталғаннан кейін сіз онлайн-өтінімге тұратын аймағы, медицина ұйымы, тіркеу себебі, учаскелік дәрігер деген сынды тағы да басқа мәліметтерді толтыруға мүмкіндік аласыз.  
Көрсетілген қызметтің нәтижесі өтініш жолдаушының порталдағы жеке кабинетіне жолданады. Қызмет көрсету мерзімі – бір жұмыс күнінен аспауы тиіс.
Аталған қызметті Telegram Bot арқылы алу үшін https://t.me/EgovKzBot сілтемесін пайдалануға болады. «Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медицина ұйымына тіркеу» қызметін басып, чаттағы тиісті батырмаларды басу қажет. Қызметті бот арқылы алу үшін оған жазылу шарт (Чаттағы «Start» батырмасын басып, ұялы телефон нөмірін пайдалануға рұқсат ету).
Естеріңізге сала кетсек, қазір елімізде жыл сайынғы емханаға тіркеу науқаны жүріп жатыр. Екі айлық дәстүрлі кампания 15 қарашада аяқталады.
 
«ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ
САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ» КЕАҚ
Жамбыл облысы бойынша филиалы
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
11 Қаңтар 2019 Жыл 71

Медициналық сақтандыру қоры тегін дәрі-дәрмек беру процеcін бақылау нәтижесін қорытты

Тегін дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдарды беру барысын бақылау мақсатында қолға алынған нобайлы жобаның алғашқы нәтижелері белгілі болды.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
28 Желтоқсан 2018 Жыл 192

Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы

«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығына сәйкес:
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
20 Желтоқсан 2018 Жыл 332

Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары туралы

Алматы, Қазақстан – Бүгінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) барлық 18 филиалында өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары жұмыс істеп тұр.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
20 Желтоқсан 2018 Жыл 328

Тараз қаласында Қазақстандық жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қорытындылары мен даму келешегі талқыланды

12.12.2018 ж., Тараз қаласы, Қазыбек би көшесі,177 үй «БЖЗҚ» АҚ Жамбыл облыстық филиалында «Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің 20 жылдығы. ҚР зейнетақы жүйесінің негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
14 Желтоқсан 2018 Жыл 318

Жамбыл облысының медицина ұйымдарына халыққа көрсетілген қызметтері үшін 39 млрд. теңгеден астам қаржы төленді

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ 2018 жыл басынан бері халыққа тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 662,4 млрд теңге төледі.


Банерлер






Наши контакты в соц. сетях

Наверх